Ауыл да ағылшынша сөйлей бастады

Өнегелі, білімді ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз, біздің сондай өнегелі де мақтан тұтар ұстаздарымыздың бірі - Борашева Элеонора Жолдасқызы.

Ол бала күтімімен демалыста отырса да, ата-аналардың сұранысымен ағылшын тілін оқыту курсын ашып отыр. Оқу орталығы жаңа форматта жасақталған. Өзге тілді меңгертуде әр сабағын қызғылықты өткізуде. Ағылшын тіліне қызығушылығы мол оқушылар бұл курстың ашылғанына қуанды.

Мақтанышпен атап айтар болсақ, мұғалімнен тереңдетіп жеке білім алған Темірханова Дария Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынас және әлем тілдер университетінде оқыса, Мусағалиев Нұртуған АПЕК колледжінің ең үздік студенті. 3 сыныптан бастап дәріс берген өз шәкірті, қазіргі сәтте жеке терең білім алушы 11 сынып оқушысы Бауыржанова Ажар мектепішілік, ауданаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында білім алушылар арасынан ең үздік оқушыға 1 ай тегін оқыту ұйымдастырылған. Оқу курсының аяғында емтихан тапсырылып, сертификат беріледі. Заман талабына сай ауылымызда осындай ағылшын тілін оқыту курсы ашылғанына, балаларымыздың терең білім алып жатқанына дән ризамыз.

Бибінұр Иманалиева,

Көктоғай ауылы тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521