Ана тілінен алшақтап барады

Аудандық білім бөлімінен алынған осы мәліметтерге қарағанда, үстіміздегі оқу жылының басында аудан мектептеріндегі орыс сыныптарына, өткен оқу жылындағыдан 19 (124 – 105), яғни 18,1 % бала артық қабылданған.

Ал балабақшалардағы орыс топтарына биыл өткен жылғыдан 60 (170 – 110) бала немесе 54,5 % -ға көп бала қабылданған! Бұл мәліметтер, менің ойымша, біздің таза қазақи ауданымыздың халқының балаларын оқытуда орыс тіліне, оның тәрбиесіне ауысып бара жатқанын көрсетеді.

Балаларын балабақшаның орыс тобына бергендер (54,5 %) болашақта оларды мектептегі орыс сыныптарына береді. Бұл аудан тұрғындары балаларын АНА тілінен, ҰЛТТЫҚ тәрбиеден айырып, орыстануға бет алды деген сөз!

Бұл үрдіс, менің ойымша, қазақ балаларының және тұтас ұлттың (ұлттық мемлекеттің) тағдырына балта шабумен бірдей деп ойлаймын. Мұндай, ұлт үшін, түптеп келгенде Қазақ елі үшін аса зиянды үрдіспен күресуіміз керек!

Самиғолла ҒАЛЫМҰЛЫ,

тіл жанашыры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521