«Ақылды қалаға» алғашқы қадам

Аудан әкімі Серік Арыстан Жолдауда көзделгендей,халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, заманауи технологияларды енгізу бағытында бірнеше жобаны ұсынды. Атап айтқанда,  Индербор кентін жарықтандыру, бейнебақылау камералары мен бағдаршам орнату. Жабық жүзу бассейні мен стадион құрылысын жүргізу. Кенттің Аққала бағытындағы Жайықтың оң жағалауынан инженерлік инфрақұрылым тарту, «Смарт ЖКХ» жүйесін енгізу сынды жобалар қоса  ұсынылды. Жайық  жағалауын бекіту, абаттандыру жайы да назардан тыс қалмады. Ұсынылған жобалардың  қай-қайсысы да өзекті. Мысалы,  Аққала бағытындағы оң жағалаудан электр, газ, су, кәріз желілері мен  жол құрылыстары жүргізілсе, инфрақұрылымы қамтылған жерден үй салуға жер сұраған мыңдаған  тұрғынның мәселесі шешілер еді. Стадион мен бассейн салынса тұрғындардың  саулығын  арттыруға  кең серпін бермек.

Сондай-ақ жобада  заманауи цифрлық жүйе де қамтылып отыр. Айталық,«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болса,  бұл бағытта бей­не­камералар қондырылмақ. Бейнекамералардың ерекшелігі – бір орта­лыққа қосылып, бірыңғай  бейнебақылау жүйесі қалыптасады. Бұл дегеніңіз – жаман айтпай жақсы жоқ, көшеде біреуді тонап кетсе, жол ережесі сақталмаса, рұқсат етілмеген жерге қоқыс тасталса камералар таспалайтындығының, соған сай жауапкершіліктің болатындығы әрі ең бастысы қылмыстың ізін суытпай ашуға үлкен әсер береді деген сөз. Бұған қоса, «Смарт ЖКХ» жүйесін енгізу арқылы тұрғын үй шығындарыңызды интернет сервис арқылы жүргізесіз, тағы басқа.

Кездесуде «НорТексГрупп» ЖШСменеджері Шыңғыс Тұяқбаев серіктестіктіңмемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы және SMART CITY, яғни «Ақылды қала» жобасы бойынша жүзеге асырып отырған істері мен  мүмкіндіктерін атап өтіп, ұсынылған жобаларға қызығушылығын білдірді.

Жиын барысында мәслихат хатшысы Б.Сапаров, аудан әкімінің орынбасарлары Д.Шамұратов пен Қ.Нұрлыбаев, салалық бөлім басшылары Б.Иманғазиев, А.Рамазанов, Б.Шакимов, жергілікті полиция қызметінің басшысы міндетін атқарушы Р.Мұратов, тағы басқалары өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Қорыта айтқанда, ұсынылып отырған тың жобалардың қайсысының жолы болары    алдағы уақытта белгілі болмақ.

С.БАЗАРБАЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521