ЖИТС туралы білгенің – алаңсыз өмір сүргенің

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жер шарында СПИД адамның өмірін қиятын 5 басты өлтіруші аурулардың бірі болып есептеледі.

Қазіргі таңда дүние жүзінде «бізде СПИД ауруы жоқ» деп мәлімдейтін бірде-бір ел қалмады. АИТВ қоздырғышы ретровирус адамның ағзасына енген соң жалпы сыртқы ортаның түрлі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарынан қорғайтын иммундық жүйені зақымдап, инфекциялық ауруларға жол ашады. Бұл процесс дамуы әр адамның жеке бас гигиенасы, жат қылықтарына, әлеуметтік жағдайына, физикалық көрсеткіштеріне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты сол сыртқы ортаның кері не оң әсері нәтижесінде 6 айдан 6-8 жылға созылуы мүмкін.

АИТВ адамның иммундық функциясын әлсіреткен соң адамда жұқтырылған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) дамиды. Мұндай жағдайда адам ағзасында бірден бірнеше инфекциялық аурулар дамиды да, ол зақымданған адамды тірі алып қалу мүмкіндігі өте төмен болады. Басқа көптеген инфекциялық ауруларға қарсы иммундық жүйені күшейту препараттары (вакцина) шығарылып, солар арқылы ауруды болдырмау шаралары, оларды жұқтырған болса емдеу жолдары анықталған болса, ЖИТС-қа келсек мұнда әлі күнге дейін, жұқтырған соң толық емдеу препараттары ашылмаған. Дегенмен, көптеген дамыған елдерде ретровирустарға қарсы препараттар ашылып, бұларды комбинирленген түрде пайдалану нәтижесінде вирустың ағзада көбеюін тежеп, ал кей жағдайларда қандағы вирус мөлшерін (концентрациясын) төмендетіп даму уақытын қысқартатын, жұқтыру мүмкіндіктері азаятын жағдайларға әкелетін антиретровирустық препараттар бар. Бірақ бұл препараттарды қабылдауда ауру адамның өзінің келісімі керек.

АИТВ адам ағзасында үлкен кері өзгерістер әкелу мүмкіншілігі жоғары болғаныменен қоршаған ортада түрлі физикалық, химиялық, табиғи, жасанды әсерлер нәтижесінде тіршілік ету мүмкүншілігі өте төмен, сол себепті бұл аурудың алдын алу мақсатында жалпы тұрғындардың АИТВдан сақтану жолдары жөнінде білімін жетілдіру шаралары нәтижесіне сенім білдіруге болады. Бұның себебі АИТВ-ны жұқтыру әр адамның жеке бас өмір сүру жағдайына, өмірлік принциптеріне тәуелді.

Руслан ИСЛЯМҒАЛИЕВ,

Индер аудандық орталық аурухана дәрігер эпидемиологі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521