Жалпыхалықтық диктантқа 4200 адам қатысты

Латын негізді қазақ тілі әліпбиін, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, меңгеру бейімделу мақсатында ұйымдастырылған республикалық жалпыхалықтық диктантқа аудан жұртшылығы да бірауыздан үн қосып, 4200 адам белсенділік танытып, бір мезгілде партаға отырды.

Акцияны аудан көлемінде ұйымдастыруға жауапты жұмысшы тобының жетекшісі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиеваның айтуынша, барлық мектептер мен мәдениет үйлерінде, колледжде өткен акцияға қатынасушылар «Рухани жаңғыру» тақырыбында диктант жазған.

Біз жаңа мәдениет үйі залында өткен акцияға қатысып, онда бейне таспа арқылы оқылған мәтінді акцияға қатынасқан барлық мемлекеттік қызметшілер, дербес бөлімдер, мекеме, кітапхана, мұражай, тағы басқа ұжымдар мүшелерінің латыннегізді қазақ әліпбиін тым-тәуір дәрежеде меңгеріп, диктантты сауатты жазғандарына куә болдық.

–Маған латын қаріпі бұрыннан да жақсы таныс. Өйткені, біз мектепте ағылшын тілін бірден-бір оқыған сынып болдық. Одан кейін колледжде латын қаріптерін жиі қолданып, тіпті газет, кітаптарды еркін оқитын жағдайға жеттім. Сондықтан да мен үшін латын қарпі тіптен таңсық емес, –дейді диктант жазушылар қатарында болған Индер оқушылар шығармашылығы орталығының директоры Есенғали Құлшығаев.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521