Жайыққа әр кез жанашырлық керек

2019 жылдың мамыр айында балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» атты табиғатты қорғау акциясын өткізді.

Осыған орай Индер ауданы, кент, ауылдық округ әкімдеріне, мекемелер және табиғат пайдаланушы шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге хат жолдандып, Жайық жағалауын түрлі қоқыстардан тазалау жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. Оған кент пен ауылдық округтерді қоса алғанда 80 мекемеден 993 адам қатысып, 89 тонна 580 кг қоқыс қалдықтары 3 КамАЗ автокөлігі және 5 арнайы тиегіш техника арқылы шығарылды. Сонымен қатар аудан көлеміндегі мектеп оқушыларына және шығармашылық ұжым арасында «дөңгелек үстел және Жайық өзенінің жағажайын таза ұстауға 13 үгіт-насихат жұмыстары 672 адамға оқылып, сұрақтарға жауап берілді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, алдағы уақытта да Жайық бойын таза ұстап, табиғатты бірге қорғау жалғасын таппақ.

Гүлбану НАСИПОЛЛА,

Индер инспекция бөлімінің жетекші маманы

Сурет ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521