Заң күні – заңгерге құрмет

Қазақ елі тұғырының мықты, туының биік болуына тірек болған Конституция күніне   орай  «Айбарлы асқар елді асқақтар  - Ата Заң» атты  салтанатты шара аудан орталығындағы «Жеңіс» саябағында  ұйымдастырылды.

Мерекелік жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы  Дарын Шамұратов  ашып, тұтастығымыз бен тәуелсіздігіміздің кепілі болған, мемлекетіміздің өркендеуіне жол ашқан  Ата Заңның мәні мен мазмұнына тоқтала келе, көпшілікті ұлық мерекемен құттықтады. Әрі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына еселі еңбегімен үлесін қосып  жүрген бірқатар азаматты  көпшілік алдында марапаттады. Олардың қатарында  облыс әкімінің алғыс хатына аудан прокурорының орынбасары Саид Ажмұхамедов, аудан әкімінің алғыс хатына аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абзал Рамазанов пен Өрлік ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Мұратбек Қаженов ие болды.

Құттықтау тілекті аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров жалғастыра  келе, облыстық мәслихаттың алғыс хатын №5 аудандық өрт сөндіру бөлімінің  бөлімше командирі Құспанов Нұрлан Өтегенұлына, аудандық мәслихаттың алғыс хатын жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Рахимов Әділет Табылдыұлына табыс етті.

 

С.БАЗАРБАЕВ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521