Қыстан қалған шөп өртенді

Кеше кентіміздің Махамбет көшесіндегі жеке кәсіпкер Қ.Ахметовтің өндірістік шаруашылығында өрт шықты. Оқиға түстен кейін 14:52 шамасында орын алды. Көлемі 30:50 га қыстан шыққан шөпті қызыл жалын жалмаған.

Бұл туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Сақыпқалиев:

- Кішкентай балалардың отпен ойнауының себеп-салдарынан өрт шыққан. Тілсіз жаумен күресуге 1 арнайы техника, 4 қызметкер жұмылдырылды. Өртті кешкі сағ.19:00-де өшірдік. Қылмыстық құрам мен зардап шеккендер болмады. Зиян тартқан тараптың ешкімге арыз талабы жоқ,- дейді.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521