Туған жерді түлету-парыз

Ортақ Отанымыз-Қазақстанды түлету, оның болашағы мен мүмкіндігін бүгінгіден де зор ете түсу-бүгінгі ұрпақ маңдайына бұйырған бақ деп білемін.

Елбасының «Жастар жылының» тұсауын кесердегі айтылған сөздер мен қойылған биік міндеттері бізге соны ұқтырады. Елбасының сонау қиын кезеңдерде жастарды шет елдерге жіберіп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытуы, бүгінгі Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінің жұмыс істеуі, осы негізде жоғары оқу орындарының жүйесін қалыптастыруға тапсырмалар беруі, шын мәнінде еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылып қоймай, оның да алдыңғы легінен көрінуге ұмтылысты танытады. Ал біз, жастар, Елбасының соңына еріп, оның сенімін ақтап, күш-жігерімізді, оқу-білімге, ғылымға аянбай жұмсауға міндеттіміз. Туған жерді түлету аянбай еңбек ету, оның экономикасын, мәдениетін жаңа сатыға көтеру, ең ақыры туризм сияқты пайдалы нұсқаларын тереңдей енгізе отырып, өз елімізді өзіміз тани білуіміз керек. Мен жастарды осы жұмыстардың алдыңғы қатарында болуға шақырамын.

Аслан КЕНЖЕҒАЛИЕВ,

аудандық жастар ресурстар орталығының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521