«ТМД Үздік студенті – 2019»

Жақында «Жастар жылына» орай талантты студенттерді бағалау мақсатында «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен ТМД студенттерінің арасында байқау өтті.

Барлығы 600 шақты бақсынаушы қатысқан байқауда, 100-дейі іріктеліп, үздіктер қатарынан танылып, жинаққа енгізілді. Солардың ішінде жерлесіміз, аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Қадыров Ислам Ерболұлы да бар. Екінші дәрежелі дипломмен марапатталып, төсбелгі иелену және кітап тұсаукесеріне қолдаушысы болып Нұр-Сұлтан қаласына Исламның анасы Гүлдана Мәлікқызы да барды.

Бұл жөнінде анасымен сөйлескенімізде:

-Ия, балам үздіктер қатарынан көрініп, қуанып жатырмыз. Ол аудандық С.Сейфуллин атындағы орта мектепті бітіріп, қазіргі кезде колледжіде «Фермер шаруашылығы» мамандығының 2 курсында оқиды. Бізге бұл байқау жөнінде ақпан айында жетекшісі, жоғары санатты ұстаз Саягүл Идеятқызы ұсыныс тастаған болатын. Ұстазымен бірігіп барлық құжаттарын жинақтап, тапсырдық. Содан 7 наурыз күні ұлымның жинаққа іліккені жөнінде қуанышты хабар келді. Ол осы уақытқа дейінгі тәлім беріп, біліммен сусындатқан ұстаздарының еңбегі деп білемін, - дейді өзіне тән ұяң үнмен.

Міне, осындай ата-аналар мен ұстаздардың еңбегі еленіп, ауданымыздың бетке ұстар жастары көбейе берсін демекпіз.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521