Семсер сертінде тұрып, көш бастады

Білім беру саласының ардагері, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Өтеміс Биғамбаевтың 80 жылдығын еске алуға арналған облыстық әскери қолданбалы спорттық жарыс мәресіне жетті.

Бұл сында да алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Саламат Әжіғалиев пен дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрлан Мерғалиев жетекшілік ететін М.Әуезов атындағы орта мектептің «Семсер» әскери патриоттық клубы аудан намысын лайықты қорғап, командалық 1 орынға қолжеткізді. Кіші топ арасындағы сында автомат шашып-жинаудан Ділнәз Жұмасеріков, Әлішер Смағұлов 1 орынның иегері атанса, әскери қорғаныс кешенін кию сынынан Самат Диана – 1 орын, Самиғолла Асылбек – 2 орын, оқжатарды оқпен толтырудан Зарина Биғалиева 1 орын, Сағидолла Бақдәулет 2 орын иеленді.

Үлкен топтан да Бекет Қайратов, Арнұр Сәттіғұлов, Данияр Жалғасбаев, Манарбек Әсия, Ақтоты Қайратова, Дамир Нұржаубаев үздік нәтижелер көрсетті.

- Кіші топта 14-15 жастағы, үлкен топ 16-17 жастағы шәкірттеріміз сынға түсті. Сайысқа ойдағыдай дайындықпен барып, нәтижесінде осындай жоғары нәтижеге қол жеткізе алдық, - дейді аталмыш клубтың жетекшісі Саламат Қасқырбайұлы.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521