Сарбаздар іске кірісті

Елімізде «Жасыл ел» еңбек жасағының XIV маусымының басталғаны мәлім.

Осыған орай ауданымызда да жастар еңбек жасағының маусымы өз жалғасын таппақ. Биылғы жылдың маусым-тамыз айлары аралығында облыс көлемінде 2000 сарбазды (16-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, студенттер) жұмыспен қамту жоспарланса, соның ішінде біздің ауданымызда 200-і еңбекке арласпақ. Ал 1 маусымнан бастап өз жұмыстарын бастаған 15 сарбаз кенттегі «Жеңіс» және «Көктем» мөлтек ауданындағы жаңа саябақтардағы өсіп тұрған ағаштарды суарып, арам шөптерін жұлып, топырақтарын қопсыту сынды жұмыстарын атқарып жатыр. Әрине, оларға жұмыс істегені үшін лайықты еңбекақы төленеді, киім-кешектермен қамтылады.  

Аудан бойынша үйлестіруші маман Рафхат Жұмабай: «Маусым айында қамтылған сарбаздың басым бөлігі студенттер және жұмыссыз жастар, аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылардың балалары. Ал енді кент бойынша құралған 45 сарбаз әр айға 15-тен бөлініп, кенттегі саябақтардың көгалдандыру жұмыстарын атқаратын болады. Сарбаздар сонымен қатар түрлі қызықты тренингтер мен мәдени-спорттық бағдарламалар, экскурсияларға қатысады»,-дейді әңгімесінде.

"Әлеуметтік желіден «Жасыл ел» туралы ақпараттарды естіп-біліп, арнайы мамандарына жолықтым. Жұмыс істегенімізге үш аптадай болды. Бұнда жұмыс қиын емес. Ауданның көгалдануына өз үлесімді қосудамын,-дейді біз сөзге тартқан Атырау бизнес және құқық колледжінің студенті Данияр Жұмакелдіұлы".

 

Диас ҚАБИ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521