Вы здесь: HomeАудан тынысыОблыста жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда

Облыста жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі әлеуметтік нысандар құрылысының басым бағыттарын атап өтті.

12 қараша күні Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Өңір басшысы «Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында 2018 жылдың 9 айындағы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбында сөз сөйледі.

Спикердің айтуынша, биылғы жылы Атырау облысында 13 нысан пайдалануға берілді: 724 орындық 2 мектеп, 1000 орындық 5 балабақша, 600 орындық 2 мәдениет үйі, 1 денсаулық сақтау нысаны, 480 орындық 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 100 орындық 1 жатақхана. - Жыл соңына дейін жалпы алғанда 30 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда: 1244 орындық 6 мектеп, 1960 орындық 10 балабақша, 700 орындық 3 мәдениет үйі, 4 денсаулық сақтау нысаны, 70 орындық 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, қаладан шығатын жолдарда 4 стационарлық көлік полиция бекеті және мамандандырылған ХҚКО, - деді Нұрлан Ноғаев. Атырау облысының әкімі айтып өткендей, келесі жылы 28 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталады: 3264 орындық 7 мектеп, 850 орындық 3 балабақша, 1200 орындық 5 мәдениет үйі, 3 денсаулық сақтау нысаны, 123 орындық 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 450 орындық 3 жатақхана, 1 колледж, 1 лицей, оқушылар мен жастар сарайы, Құлсары қаласындағы кітапхана мен мұражай.

Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаевтың айтуынша Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асыру жұмыстары Атырау облысында бекітілген кесте бойынша жүргізілуде. Жалпы 127 маңызды іс-шаралар өткізу жоспарлануда, оның ішінде: 5 халықаралық, 2 республикалық, 75 облыстық, 45 қалалық және аудандық ауқымдағы іс-шаралар бар.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru