«Ниетің түзу болса, ісің де өрге жүзеді!»

Наурыз айында кентіміздегі Әйіп қажы мешіті жанынан «Ифтар» кафесі ашылды. Заман талабына сай жабдықталып, халықтың игілігіне бейімделіп жасалған жаңа кафенің иесі, кәсіпкер Қазыбек Сақыптың айтуынша, халал тағамдарына сұраныс көп.

- Әу бастан маған халал тамақ даярлайтын жерлер жеткіліксіз болып көрінді. Сондықтан осы кафені ашуға бел байлап, іске кірісіп кеттім. Мен бұл істі таза бастадым, яғни, ақырына дейін таза жұмыс істемекпін. Алдағы уақыттарға жоспар құрып, қай деңгейден көріне алатынымды, қанша адаммен қалай жұмыс істейтінімді, жұмысымды одан әрі қалай қанат жайдыратынымды, оның орнықтылығын, деңгейін алдын ала жоспарлай отырып, жұмысымды арттырып отырамын, – дейді кәсіпкер. Жаңа кафе бір мезгілде 25-35 адамға қызмет көрсетіп және 4 жұмыссызды жұмыспен қамтып отыр. Танертеңгі сағат 10:00 – ден кешкі 00:00- ге дейін жұмыс жасайды. «Ифтар» сөзінің мағынасы-ауызашар, Рамазан айы уақытындағы ораза ұстаған адамдарға тамақтануға рұқсат етілетін мезгіл.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521