Вы здесь: HomeАудан тынысыМұздан өткенде абай бол!

Мұздан өткенде абай бол!

Қоршаған ортаның, әсіресе ақ Жайықты аялау мен байлығын тиімді пайдалану күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе.

 

Осы тұрғыда Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына қарасты Индер инспекция бөлімі өзіне жүктелген міндетке сергектікпен қарап келеді. Инспектор мамандар өзен бойын қадағалап, тоғандар мен көлдерде балықтардың зардап шекпеуін тексеріп, мұз ою жұмыстарын жүргізіп, айналасын қоршап, белгілер қойды. Қазіргі қыс айларында Жайық өзені қатып, мұздың қалыңдығы 20 -25 сантиметрді, ал қар қалындығы 8-10 сантимерді құрап отыр. Кейбір жерлерінде қатпаған жылымдар кездеседі. Сондықтан әркім өзеннен өтерде сақ болып және бірнеше ережелерді сақтағаны жөн.

Осы орайда аудандық инспекция бөлімінің бас маманы Айнұр Ибатуллина төмендегі жағдайларды ескертеді. *мұздың қаттылығын көзбен байқауға болады: егер көгілдір болса – берік, ақ болса –беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді, ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күнгірттеу болса, бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз абзал деген сөз; *мұз үстіне қас-қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз; *мұздан өтерде, осыған дейінгі салынған әдеттегі ізбен жүріңіз, егер ондай із болмаса, айналаңызға мұқият қарап, жететін орныңызды жете біліп алыңыз; *топ болып мұздан өтетін болсаңыздар, мұзға қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 метрдей болатын бір-біріңіздің арақашықтықтарыңызды сақтап жүріңіздер; *мұзға түсіп кетуге себеп болатын көп жағдай – алкогольді ішімдікті тұтынудан болады, сондықтан мұндай жағдайда адам қауіптен қаша алмай қалып, қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.

Яғни, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері есіңізде жүрсін және туыстарыңызға, достарыңызға айтыңыз!

Өз тілшіміз.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru