Вы здесь: HomeАудан тынысы«Бастау Бизнестің» тестілеу кезеңіне қатыс

«Бастау Бизнестің» тестілеу кезеңіне қатыс

2018 жылдың 17-18 қыркүйек аралығында «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде тегін оқыту курстарының 5 кезеңіне қабылдау бойынша тестілеу өткізіледі.

Курстар кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған.

Жұмыссыздар мен өзін - өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді оқуға шақырамыз.

Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек. Соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Индер аудандық филиалына, тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына, ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.

Оқу ұзақтығы 1 ай. Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленіп, сертификат беріледі.

 Толық ақпарат алу үшін мына мекен-жайға - Атырау облысы, Индер ауданы,  Индербор кенті Бейбарыс көшесі № 5 үй немесе  2 14 70 телефоны арқылы хабарласа аласыз.

 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru