Вы здесь: HomeАудан тынысыБалық аулауға болмайды

Балық аулауға болмайды

Көктемде бекіре тұқымдас және қара балықтардың уылдырық шашатын науқаны кезінде балық қорын қорғау үшін Индер инспекция бөлімінің маман–инспекторлары, құқық қорғау органдарымен бірлесе 1-сәуір мен 31-ші мамыр аралығында Жайық-Каспий бассейінде «Бекіре-2019» кең ауқымды акциясын бастайды.

Соған байланысты осы уақыт аралығында Жайық өзені жағалауында Атырау облысы көлеміндегі су тоғандарында балық аулауға тиым салынады. Сонымен қатар заңсыз ауланған балықтың тасымалдау фактілерін анықтау, жол бермеу және болдырмау мақсатында республикалық және халықаралық маңызы бар тас жолдарда Атырау-Орал, Атырау-Индер тас жолдарында жол полициясымен бірлесе құрылған балық қорғау рейд шаралары өтеді. Браконьерлікпен бітіспес күрес бір акция аясымен шектелмейді. Өйткені, заңсыз балық аулаушылар қыста да, жазда да бекіре тұқымдас бағалы балықтарға және қара балықтарға қол сұғуын қоймайды. Балықтың уылдырық шашу орындарына жетуді қамтамасыз ету мақсатында және заңсыз құрылған аулау құралдарын алу үшін инспекторларымен Жайық өзеніне және су айдындарына күн сайын сүзу жұмыстары жүргізіледі.

А.ХАСАНОВА,

Индер инспекция бөлімінің бас маманы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru