Вы здесь: HomeАудан тынысыБалабақша кезегіне қою жеңілдеді

Балабақша кезегіне қою жеңілдеді

Аудан орталығында тұратын ата-аналар балаларын үйден шықпай-ақ балабақша кезегіне қою мүмкіндігіне ие болды.

Енді әрбір ата-ана «garden.inderbor.atyrau.gov.kz» порталы арқылы кезекке тұруға және өтініш беріп, оны қайта ала алады. Сондай-ақ порталға тіркелген әрбір ата-ана баласының қай балабақшаға баратынын да біле алады. Ол үшін осы жүйеге өтіп, ондағы кезекке тұру батырмасын басып, қызмет сипаттамасының 6 қадамымен мұқият танысып, одан әрі өтіп өтінішті толтыруы қажет. Егер осы шартты толықтай орындап, ешбір қате жібермесеңіз, онда балаңыз толықтай балабақша кезігіне өтеді де ұялы телефоныңызға тіркелгендігі жөнінде смс хабарлама келеді.

Жалпы, балаларды балабақша кезегіне жеңілдікпен орналастыру санаттары екіге бөлінеді. Бірінші кезекте әскери қызметшілердің балалары кезектен тыс жолдама ала алса, заңды өкілдері мүгедек адамдардың балалары, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетім, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мен ерекше білім алуды қажет ететін балаларға жолдама «1/3» қатынасы бойынша беріледі.

Осы саламен айналысып отырған кент әкімі аппараттының мамандары электронды жүйені пайдалану ыңғайлы екенін, цифрлық жобаның ата-аналардың көңілінен шығып отырғанын айтады.

Айта кетейік, күні бүгін Индербор кентінде 3 мемлекеттік балабақша тұрақты түрде жұмыс жасайды, ал кезегін күтіп отырған 772 бала бар.

Диас АЙБАР

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru