Вы здесь: HomeАудан тынысыАуылдағы Халиннің галереясы

Ауылдағы Халиннің галереясы

Шапағаты мол Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында сәулелі істердің жарқылы сезіле бастады.

«Галерея» деген сөздің өзін көп ести бермейтін ауылда Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ақын Тілек Халиннің Сурет галереясының ашылуы – осының дәлелі. Ауылдағы жағымды жаңалықпен бөлісе барған аудан әкімі С.Арыстан: – Біз Тілек Халинды жақсы білеміз. Өнерін бағалаймыз. Елдің руханиятына өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан өнер иесі. Міне, бүгін қолдау білдіріп, арнайы кабинетін ашып беріп жатырмыз, –  депоның шығармашылық жұмысына сәттілік тіледі. Аудандық мәслихат хатшысы Б.Сапаров та халық үшін сіңіріп келе жатқан ісіне жоғары баға берсе, ауыл тұрғындары да суретшіге деген құрмет үшін ризашылығын білдірді.

Ал кабинет иесі Т.Халин: – Туған жерге бір рухани сыйлығым болса екен деп жүруші едім. Сол арманыма жеткендеймін. Бұл үнсіз тәрбиелейтін өнер. Сондықтан оны танушылар болмаса, былайғы жұрт түсіне бермейді. Әрбір туындының философиялық ойы бар. Негізінен кәсіби суретшілермен жұмыс жасағым келеді. Ауылда галерея бар деген үлкен жаңалық емес пе?!– дейді қуанышты кейіппен.

Галереяда «Сарайда», «Мамыр көгалы», «Қар барысы», «Бұлақ», «Өрік гүлдегенде», т.б. суреттері қойылса, оны келген ағайындар тамашалап жатты.

 

Ж.Исламғалиев.

Бөдене ауылы.

 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru