Вы здесь: HomeАудан тынысыАудан жастары арынды ақындармен кездесті

Аудан жастары арынды ақындармен кездесті

Таяуда Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Қорқыт-Қобыз» әнінің авторы, ақын Оңталап Нұрмаханов, Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Дәуіржан Елубаев, ақын, журналист Асантемір Қаршығаұлы, жас ақын Нұрбол Ибраев ауданымызда болып, мектеп оқушыларымен жүздесіп, өнегелі өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертті.

Өз кезегінде жас ақын Н.Ибраев қаламынан туған «Жиырма екінші ғасыр», журналист Д.Елубаев ақиық ақын Ф.Оңғарсынованың «Әйелдер», ақын Асантемір Қаршығаұлы сиясы кеппеген біраз өлеңдерін оқыды. Ал әйгілі «Қорқыт – Қобыз» әнінің авторы О.Нұрмаханов мәртебелі өнер жолының ерекшелігі жайлы ой өрбітті. Сырлы сұхбатқа толы әсерлі кеште оқушылар ақындардың рухани әлемімен жақынырақ танысты. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын оқушылар ақындардың жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, рухани сусындады.

Сондай-ақ жырдан моншақ тізген сыршыл жандардың шығармаларымен терең танысқан мектеп оқушылары А.Серікова, Б.Маңғыт, М.Әділгереева ақындардың жыр-шумақтарын мәнерлеп оқыды. Одан әрі кеш қонақтары аудандық Жастар орталығының коворкинг залында жырсүйер жастармен кездесіп, кеш әрі қарай жалғасын тапты.

 Гүлалия Қанатова

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru