Боксшылар олжалы

Аудандық балалар спорт мектебі жанынан бокс бөлімі ашылғаннан бері индерлік жас боксшылар да жүлделі орындардан көріне бастады. Олар жақында Исатай ауданының орталығы Аққыстауда  өткен  облыстың ашық біріншілігінен табысты  оралды.

Әсіресе, Темірлан Құттыбаев, Тілек Жасұлан, Нұрболат Жасақбаев чемпион атанса, Таңат Рауан ақтық бәсекеде ғана қарсыласына есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. Ал Құбаш Дарын, Әлім Бисенбаев, Ақжол Нұржанов, Нұрмұхаммед Қабышев, Лұқпан Бекзат, Марат Арсен, Мұхамедәлі Алмашев,  Асылбек Ерасыл, Бисенғали Мерей, Нұрсұлтан Меңдешов сынды бір топ жас қола жүлденің иегерлері атанды.

-Бұл жарыста 215 қатысушы бақ сынады. Шәкірттеріміз жас болса да білгенінен жаңылған жоқ. Жекпе-жектерінде аянбай күш сынасып, жүлделерді жиып келдік, -дейді аудандық балалар спорт мектебі бокс бөлімінің бапкері Мейрамбек Тұрғалиев.

Саламат Б.

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика