ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жақында "Қазақстан темір жолы" АҚ басшылығына қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде тапсырма берген болатын.

Өкінішке орай поездағы жағдай әлі сын көтерер емес. Оған 10 шілде күні Алматыдан Атырауға шыққан поездағы қолайсыздық куә.

Жолаушылардың бірі Каримова Бибігүл Исламқызы: - Мен 45 күн бұрын жолдасым, қызым үшеумізге билетті алдым. Бригадир резервный вагон, менің қолымнан не келеді дейді. Купе болғанмен еш қандай жағдай жоқ. Жүрегім қысылып, қан қысымым көтерілді. Вагон өз стандартына сай келмейді. Ыстықтан адамдар қиналып келе жатыр,-деп жанайқайын жасырмады. Өзге де жолаушылар жағдайдың пласкардтан да төмендігін, билеттің құнын қайтаруды талап етіп жатты. Тіпті жедел жәрдем шақырған кездерде болды.

Ал жолаушылармен кездескен поезд бригадирі Әбутали Жоламанов: - Өткенде Президент келгенде Атыраудың халқы вагон сұрады. Береміз деп жатыр. Енді менің қолымнан не келеді,- деп жауап берді.

Жан Аман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT