Жаңадан салынатын өндіріс орындарына көп энергия қажет

KPI өнеркәсібіндегі инженер-технолог ретінде мен бірінші кезекте процестің үздіксіздігін және өнімнің технологиялық талаптарға сәйкестігін байқаймын.

Бүгінгі күнге дейін сыртқы факторларға, соның ішінде электр қуатының үзілуіне байланысты біздің зауыт апатты жағдайда бірнеше рет тоқтап қалды. Оны жұмыс режиміне қайта қосу үшін шамамен екі апта қажет болды. Бұл жағдай компанияға үлкен шығын әкелді, шамамен 21000 тонна дайын өнім өндірілмеді.

Елде электр энергиясының тапшылығы өсуде. Қазақстанға сенімді және экологиялық таза энергия көздері қажет. Өйткені, барлығымыз білетіндей, тек Атырау облысының өзінде бірнеше өндіріс орнын салатын болады. Соның ішінде полиэтилен, бутадиен және т.б. бар. Бірнеше жыл бойы Қазақстан табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Ал табиғи уран қоры бойынша екінші орында тұр. Осындай үлкен әлеуетке ие бола отырып, біз атом саласын дамытуға міндеттіміз.

Атом энергиясының дамуы - уақыт талабы. Елдің орта және ірі өнеркәсіптік көздерін қарқынды дамыту үшін заманауи және қолжетімді арзан энергияның үлкен көлемі қажет. Менің ойымша, мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады.

Рахмет АЗАМАТ,

KPI ЖШС инженер-технологы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521