Зейнетақы қорындағы қаражатты алғаныңыз үшін де салық төлейсіз

Қолданыстағы Салық кодексіндегі 320-баптың 1-тармағына сәйкес, салық төлеушінің табысына, осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістерді қоспағанда, 10% мөлшерінде салық салынады.

Ерекшеліктер 320-баптың 2-тармағында көрсетілген. Бұл Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түріндегі кірістер, оларға 5% мөлшерінде салық салынады. Осылайша, зейнетақы жинақтары сомасының бір бөлігін алу кезінде қазақстандықтар соманың 10%-ын салық түрінде төлеуге міндетті. Дәл осындай шарттар қайтыс болған туысқандарынан зейнетақы салымдарын мұраға алу кезінде, сондай-ақ басқа елге тұрақты тұруға кетіп, Қазақстан азаматтығынан шыққан адамдарға зейнетақы ақшасын алу кезінде қарастырылған.

Мысалы, 1 миллион теңгені алу кезінде ЖТС түрінде 100 мың теңге төлеуге тура келеді. 2,5 миллион теңге алса, сәйкесінше 250 мың теңге. 1 қыркүйекте Қазақстан президенті халыққа Жолдауында зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе оны қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалану туралы мәселені шешімін жариялады. 2021 жылдан бастап зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алудың шарты — «жеткіліктілік шегі».

Әртүрлі жастағы адамдар үшін ол әр түрлі болады және жасына қарай артады — адам неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп ақша шотта қалуы керек.

depti.kz

Сурет : ашық дереккөз

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика