Моңғолияда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

Моңғолияда Франция азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Моңғолияның вице-премьері Энхтувшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Mongolian news agency.

Агенттік мәліметінше, 2 наурызда Мәскеу-Ұлан-Батыр бағытымен Моңғолияға ұшып келген Франция азаматының дене қызуы көтерілген. Ал сараптама нәтижесі коронавирусты растаған. Қазіргі уақытта ол карантинге жатқызылды. Моңғолияның денсаулық сақтау министрі таяуда науқастан тағы да сараптама алынатынын айтты. Қазіргі уақытта Франция азаматының жағдайы тұрақты екені айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше, бүгінде вирусты әлемнің 104 елінде 109 343 адам жұқтырған. Италиялықтарға коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілді

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика