Департаментте ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құттыбай Садықов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау жолдарына тоқталды.

Кеңес барысында жеке құрамға құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, зорлық-зомбылықтың алдын алу, ойын-сауық орындарында тәртіпті күшейту, ауылдық жерлерде мал ұрлығының жолын кесу, жол-көлік оқиғалары жиі болатын аумақтарда профилактикалық шараларды күшейту, киберқылмыспен күресті жандандыру және туристік полиция қызметін дамыту мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар Президент Жолдауында көрсетілген негізгі бағыттарға назар аударылып, цифрлық технологияларды енгізу, жасанды интеллект шешімдерін пайдалану, халықпен өзара байланысты нығайту, қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті күшейту шараларының маңызы атап өтілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT