Атырауда көлік нөмірін шығаратын құрылғы іске қосылды

Атырауда көлік құралдарына арналған мемлекеттік тіркеу нөмірін шығаратын құрылғы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының қоғаммен байланыс менеджері Бекжан Ахметовтің айтуынша, нөмірлерді шығаруды мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қолға алған. Енді көлік иелері нөмірді санаулы күндерде алады.

«Биылғы 11 айда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 83 580 қызмет көрсетілді. Оның ішінде жүргізуші куәлігін алуға байланысты 27 818, көлік құралына мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін беру бойынша 54 846 қызмет ұсынылды. Бұрын атыраулық көлік құралына нөмір алу 20 күнге созылатын. Себебі, көлік нөмірі Ақтөбе қаласында жасалатын еді. Қазір оны Атыраудан 5 күннің ішінде алуға мүмкіндік туып отыр» - дейді Бекжан Ахметов.

Оның айтуынша, Атырау облысына нөмір белгілерін шығаратын станок әкелінген. Онда күніне 500 нөмір шығарылады.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика