Индерліктер Сүлейменованың әнін сүйсіне тыңдады

Жаңа мәдениет үйінде халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Рысты Сүлейменованың «Бабалар рухына тағзым» атты тамаша ән кеші өтті.

Өзінің әсем үнімен тыңдарманның жүрегінен жол тапқан өнерпаз өз концертінде «Айжан –ай», «Шымыр», «Қымыз құйғыш» атты халық әндері орындады. Сондай-ақ, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әншісі Бақтоты Какимова «Қазақ қызы» әнін орындап, тыңдаған адамның көңіл – құсын биікке қалықтатты. Сонымен қатар, жергілікті дәстүрлі әнші Еркін Аубакировте әсерлі кештің шырайын кіргізді.

Шығармашылық кешін «Сәлем» әнімен қорытындылаған өнер иесі аудан халқына алғысын жеткізсе, аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов кеш иесіне шалқар шабыт тілеп, аудан жұртшылығының атынан ризашылығын білдіре отырып, сый-сияпат жасады.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT