Дипломға ие болды

Ардагерлер ұйымы жұмысына сіңірген еңбегі, еліміздің мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқаны, жастарға патриоттық, адамгершілік тәрбие беруге қосқан үлесі үшін Индербордағы «Ару-Ана» әжелер ансамблі (жетекшісі Бағытжан Жайымова) жақында республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің Дипломымен марапатталды.

Зейнеткерлікке шықса да аудандағы дәстүрлі халық өнерінің жалауын биік ұстап, ұрпаққа үлгі болып келе жатқан асыл жандардың еңбегі осылайша құрметтелді. Құттықтаймыз!

С.БИСЕНОВ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT