Қазіргі кезде созылмалы дертке шалдығып, жылдар бойы дәрігерлердің қадағалауында болатын сырқаттардың қатары өкінішке қарай азаяр емес.
Оның үстіне олардың мемлекет тарапынан бөлінетін тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай отырғандары қаншама?! Осы бір келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында аудандық емхананың мәжіліс залында «Sizge dari-darmek» жобасы аясында медицина қызметкерлерімен, азаматтық белсенділермен және халықтық бақылау тобының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Басқосуға «Заманауи» қоғамдық қорының төрағасы Асман Аманжолұлы, Индер аудандық ауруханасының директоры Доспаева Анар Хамидоллаевна, директордың орынбасары Ермуханова Самал Рахымжановна қатысты. Жиналысты жүргізудің тізгінін алған А.Аманжолұлы тегін дәрі-дәрмек пен медициналық преператтардың қолжетімділігі, онымен қамту мәселесі, фармацевтикалық ақпараттық жүйесіне өтінім беру, тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатын науқсастар арасында мониторинг жүргізу, «Damumed» мобильді қосымшасымен жұмыс жасау сияқты өзекті мәселелерді сөз етті. Бұл А.Аманжолұлының тарапынан қозғалған мәселелер болса, А.Доспаева :
Бұрындары елімізде дәрі-дәрмектің тек 50 пайызы ғана үкімет тарапынан төленіп, қалған қаражатты пациент өз қалтасынан төлейтін. Ол кезде Швейцария, Канада, Австралия, Белгиялық қымьбат дәрілік өнімдер келетін. Сол кезде науқастар дәрі ала алмай жүретін. Ал енді қазір 2016 жылдан бастап тегін берілетін болды, Қазақстандық формация, Қазақстандық препараттар нарыққа енгелі жағдай жақсарып қалды. Сонымен қатар
- Науқастармен дәрігерлер арасындағы түсініспеушіліктерді жою
- Аурухана тарапынан науқасты дәрі-дәрмекпен қамту
- Дәрілердің аурухана сөрелеріне уақытылы келуі
- Аурухана бюджетінің мұқтаждығы,- секілді мәселелерге кеңінен тоқталды.
"Қазіргі таңда интернет блогерлер тек қана халықтың, тұрғындардың сөзінен шешім шығарып жатса, сіздер біздің мамандарды тыңдап екі жақты да тыңдап, діәрігерлердің пікірімен санасып жатырсыздар. Сіздерге алғыс, әділ рахметімізді білдіреміз. Біпрлескен жұмыс болсын. Рахмет!"- деп А.Доспаева "Заманауи" қоғамдық қорының төрағасы Асман Аманжолұлына алғыс білдіре отырып шара соңын аяқтады.