Еріктілерге 200 мың теңгеден төленбек

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екінші вакцина сыналады, Сынаққа қырық төрт ерікті қатысады, олардың жартысы плацебо алады.

Жаңа отандық QazCoVac-P вакцинасы 200 мың теңгеге еріктілерге сыналады. Таразда коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCoVac-P вакцинасын сынақтан өткізу басталғалы жатыр, оған 44 ерікті қатысады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірінші клиникалық сынақтарға 18 бен 50 жас аралығындағы дені сау адамдар іріктелуде. 44 адамның жартысына жаңа препарат егіледі, екінші жартысы плацебо алады. Еріктілерге 200 мың теңге мөлшерінде сыйақы төленеді. Ғалымдардың айтуынша, егер бәрі сәтті өтсе, сынақтың екінші фазасы басталады.

Оған 200 адам қатысады. QazCoVac-P – Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген екінші вакцина. «Біріншісі инактивтелген вакцина болды, ол жерде біз тірі вируспен жұмыс істейміз. Ал мына вакцинаның құрамында тірі вирус жоқ.

Бұл суббірлікті вакцина. Бұл вакцина жұмсағырақ болады деген үміттеміз», – деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Берік Хайруллин.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика