Биылдан бастап жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы көтерілуі мүмкін

сурет ашық дереккөзден алынды

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысын көтеруге қатысты Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем жүргізушілерінің арасында жалақының төмендігі бөлігінде резонанс байқалады. Бұл ереуілдерге (Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында) алып келіп жатыр. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі ерекше еңбек жағдайлары үшін базалық лауазымдық айлықтан 200 пайыз мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеуді ұсынады», - делінген қаулы жобасында.

Ведомствоның атап өтуінше, алғашқы көмекті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен медициналық білімі жоқ адамдар да көрсете алады.

Медициналық білімі жоқ адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына даярлау 3 жылда бір рет кезеңмен жүргізіледі.

Міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге жататын медициналық білімі жоқ адамдардың контингентіне медициналық білімі жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде жедел жәрдем жүргізушілері де кіреді.

«Осыған байланысты, жедел жәрдем жүргізушілері жұмыстарының кеңейтілген сипаттамасын ескере отырып, оларға ерекше еңбек жағдайлары үшін базалық лауазымдық ақыдан 200 пайыз (35 394 теңге) мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеу ұсынылады», - деп атап өтеді министрліктен.

Қаулы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз