Ауданда бір тәулікте 16 адам COVID-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 486 науқас анықталды.

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 332 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 26 науқас анықталды. Ал, 40 - Жылыой ауданында, 16 - Индер ауданында, 8 - Исатай ауданында, 25 - Қызылқоға ауданында, 25 - Құрманғазы ауданында, 9 - Мақат ауданында, 15 науқас - Махамбет ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 235 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 251 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 100 адам емделді.

Қазір 5 381 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 56, модульдік ауруханада - 170, фтизиопульманологиялық орталықта - 44 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 77. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 285 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика