Елімізде жаңа оқу жылы қандай форматта басталады

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елімізде жаңа оқу жылы қандай форматта басталады деген сауалға жауап берді деп жазады Қазақпарат.

Оның сөзінше, бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Жомарт Қарамбаев тиісті шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім семлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітілетінін алға тартты.

Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын, деді ол. Сонымен қатар, Жомарт Қарамбаев қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайтынын жеткізді.

"Бұндай талаптар қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді", - деді ведомство өкілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521