Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев жылдағыша Қазақстан халқына арналған Жолдауын ұсынды. Жолдаудағы басты басымдылық-ауылшаруашылығы саласын оңтайландыру, транспорттық логистика саласын жақсарту, туризмды дамыту,геология саласында ЖИ-ні тиімді қолдану мәселелеріне арнады.
Жер қойнауын игеру, медицина саласын жақсарту, балаларды балабақшамен толықтай қамтамасыз ету, мектеп бітіруші түлектерге мемлекеттік гранттарды әртүрлі деңгейде бөлу, сонымен қатар студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, ең төменгі жалақыны көтеру, зейнетақы жүйесін қайта жаңғырту, сот жүйесін қайта жаңғырту мәселелеріне тоқталды. Алынған бағдарлардың барлығы да қазіргі күнде өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Жолдауда қозғалған әрбір мәселе күн тәртібінен түспейді, өзектілігін жоймайды деп санаймын.
Кенжеғалиева Райхан,
Жамбыл атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
"Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері