Жарсуат ауылындағы сиыр өлімінің себебі анықталды

«Атырау облыстық ​ мал дәрігерлік​ зертханасына жіберілген сараптама нәтижесінде сиырлардың өлімі шамадан тыс жуа жеу салдарынан орын алғаны анықталды» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Индер аудандық ветеринариялық инспекциясы және ветеринариялық стансасының мамандары​ өлген малдарды​ ережеге сәйкес сойып, тексерген кезде ірі қара малдардың шамадан тыс мөлшерде жуа жеп, күпті болуына байланысты, ас қорыту жолдарының қызметі нашарлағанын және осы жағдайдың соңы өлімге әкеліп соққанын анықтап, қорытындылады. Зертханалық сараптау нәтижесі жануарлардың ішкі құрылысында нитрат, нитрит және алколоидтің қалыпты жағдайда екенін анықтады» дейді Индер аудандық әкімінің​ орынбасары Салауат Өтеғұлов.

Қазіргі таңда Индер аудандық әкімдігі егістік алқабындағы өнімін уақытылы жинамағынына байланысты, ​ жеке кәсіпкерге әкімшілік шара қолдану туралы аудандық прокуратура және облыстық жердің қорғалуы мен пайдалануын бақылау басқармасына хат жолдады. Сонымен қатар, ​ мал иелері келтірілген шығынды өндіру үшін​ сот органдарына шағымдана алады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Индер ауданы, Жарсуат ауылында Қурайлы сай каналы,​ Айдын учаскесіндегі егістік алқабында​ он үш мүйізді ірі қараның өлімі тіркелген болатын.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика