Атырауда «Жұмыспен қамту жол картасы - 2021» бағдарламасы аясында 7 жоба инфрақұрылымдық жоба белгіленді.
Белгіленген жобалар бойынша 493 жаңа жұмыс орны ашылады. Онда 221 атыраулық тұрақты жұмыспен қамтылса, қалған 272-сі құрылыс кезеңіндегі еңбекке араласады деп күтілуде – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. Күні бүгінде 6 жобаның құрылысы басталып, 133 адам жұмыспен қамтылды.
«Аталған жоба бойынша Атыраудағы Балауса ықшам ауданынан 600 орындық мектеп құрылыс- жұмыстары басталады. Осыған байланысты жобаға қажетті мамандар бойынша сұраныс Жұмыспен қамту орталығына жолданып, іріктеу жұмыстары жүргізілуде делінген» Атырау облысы жұмыспен қамту басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.
Басқарманың мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін Жұмыспен қамту жол картасы бойынша бөлінген қаржының 34,7 %-ы игерілген.