Соңғы жылдары аудан шырайы күннен-күнге айшықтала түсуде. Демалыс орындары көбейді. Осыдан он жыл бұрынғы кенттің қазіргі келбетін салыстыруға келмейді. Оған көше тазалаушылардың қосып жүрген үлесі аз емес.
Кенттегі ақылы қоғамдық жұмыстағы қызметкерлер күн сайын қолына сыпырғы, күрек ұстап, тазалыққа аттанады. Олар шақырайған күннің, шытынаған аяздың, сіркіреген жауынның астында да жұмыс істейді. Ауа райының қандай қолайсыздығы болсын, тазалықшылардың жұмысы тоқтамайды. Кент тұрғындарының тазалықты сақтаудағы мәдениетін көтеру қажет болып тұр. Баласын қоқыс төгуге жіберетін кейбір ата-аналар арнайы жәшікке қоқысты апарды ма, болмаса аулаға, көшеге қалдырып кетті ме сұрамайтыны аян. Тіпті, кейбір адамдар қоқысты кез келген жерге төгіп, тазалықшылардың еңбегін бағаламайтыны өкінішті. Болашақта тазалықшылардың беделiн арттырып, жалақысын көтеру жоспарда бар. Қазiргі таңда аудан әкiмдiгiнде аталған кәсiптiң мәртебесiн көтеруге арналған ынталандыру факторларын құруға мүмкiндiгi бар жекелеген ұсыныстар әзiрленiп жатыр.
А.РАМАЗАНОВ,
аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,
автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.
Сурет ашық дереккөзден