«ТАЛ ЕГІЛЕДІ, ҚЫЗЫҒЫН МАЛ КӨРЕДІ»

Индербор кентінің орталық көшелеріне биыл барлығы 730 тал егілді. Бүгінде соның бәріне жазғы су жүргізіліп, қазір тұрақты суарылып отыр.

Сондай-ақ алдағы 5 жылдың ішінде «Алғабас-Жорықтан» бастап Индерборға дейінгі жолдың екі беті, «Барлаушы», «Болашақ» пен «Шығыс» мөлтек аудандарына кенттің жасыл белдеуін толық қалыптастыру да жоспарда бар.

-Талды егумен бірге оның уақтылы суарылуы мен күтімі әрдайым назарымыздан тыс қалмайды. Тұрғындар арасында «Жылда қанша тал егеміз, жарытымды шықпайды» деген орынды наразылық бар. Алайда кейбір тұрғындар малына ие болмайды. Соның кесірінен төрт түлік малдың орталық көшелерге жайылып, тал-теректі отап қоймауы тыйылмай отыр. Осындай жайсыз жайттың алдын алу үшін малды жайылымға шығару схемасын жасап, тиісті орындарға беріп, әлеуметтік желілерге, жергілікті газетке жариялап, талқылауға шығардық. Осындай мал иелеріне әкімшілік құқықтық кодекстің 505 бабы бойынша тиісті шараларын алу жұмысы да жүргізілуде. Анықталған малдың иелеріне алдымен ескерту беріліп, қайталап орын алса заңдылыққа сай тиісті айыппұл салудамыз. Бұған кейбір тұрғындар малының құлағындағы сырғаларын кесіп тастауды шығарды. Нәтижесінде көшеде ұстаған малдың иелерін анықтай алмай әбігерге қалған кезіміз де болды. Бірақ алдағы уақытта мал қамайтын орын ұйымдастырып, қайткенде де тәртіптік шараларын алуды қалпына келтіретін боламыз,-дейді.

«Дендер»-Ақпарат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT