Үміт алға жетелейді


Бүгінде  Президент бастамасымен елімізде жасалған реформалар өз жемісін бере бастады. Оны сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтан да байқауға болады.  Кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру.

  Биыл 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз» деген болатын. 

  Ауыл әкімдерін сайлау – қазақстандықтардың саяси мәдениетін қалыптастырып, қоғамдық өмірге белсене араласуына жол ашты.​ Оны біздің аудандағы ауыл әкімдерін сайлаудан көруге болады. Жастарда ұмтылып құлшына кірісіп жатыр. Енді аудан басшысын таңдауды халықтың өзіне беріп отырмыз. Содан соң халық сайлаған әкім жоғарыға жалтақтамай елмен етене жұмыс жасайтын болады. Бұл да елімізде жасалған реформалардың нәтижесі деуге негіз бар.

Мұрат Ілиясов, Қазақстан фермерлер одағының Индер аудандық филиал басшысы, аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521