Мемлекеттік қызметшілер алдыңғы қатарда

Латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы бекітілген тарихи датаны ұлығылау, графиканы енгізуді дәйекті насихаттау, түсіндіру мақсатында облыста ұйымдастырылған "Мемлекеттік тіл LATYN qarpimen" атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы байқауға индерліктер де қатысып, жүлдемен оралды.

Атап айтқанда «Мемлекеттік тіл LАTYN qarpimen» -мемлекеттік қызметшілер арасындағы байқауға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мөлдір Темірғалиева мен Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қайрат Табылдиев қатынасып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Олар диктант жазу, лэд экранда мәтінді мүдірмеу оқу және өзара әңгіме бойынша берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, жоғары балл жинаулары арқасында осындай деңгейден көрініпті.

Осылайша жаңадан енгізіліп жатқан латын қарпін жіті меңгеру үрдісінің алдыңғы қатарында мемлекеттік қызметшілер болуы тиіс деген талап үдесінен көрінуді іспен дәлелдеген.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT