Көшет екті өседі деп...

Елді мекендерді жасыл желекпен көмкеру арқылы экологиялық ахуалдың алдын алуға болатынын табиғат жанашырлары ұдайы айтып келеді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы өз Жолдауында айрықша атап көрсетіп, мемлекеттік маңыз берген болатын.

Ауданда да саябақтарға жаңа көшеттер отырғызып, қалпына келтіру де күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Есбол ауылдық округінде де жергілікті орман шаруашылығы мекемесімен бірлесіп жас шыбықтар егу қолға алынып, ауылдағы мекемелер өз үлестерін қосуда. Ауыл бойынша осы күзде 1300 жас көшет отырғызу жоспарланып отыр. Акцияға біркісідей жұмылып, ауызбіршілік танытқан мекемелердің бірі Жамбыл атындағы орта мектептің қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақты лезде жаңа көшеттермен толтырған.

koshet-egu

-Біздің ұжым қай кезде болмасын, қоғамдық істерден шет қалып көрген жоқ. Бүгінгі акцияның біз үшін берер пайдасы өте зор деп білемін. Өйткені барлығымыз – осы ауылдың бел баласымыз. Сондықтан да ауылдың көркейе түсуіне баршамыз да мүдделіміз, - дейді мектеп директорының шаруашылық істері жөніндегі орынбасары Ғабит Сапаров.

Мұндай оң бастама Елтай ауылдық округінде де өз жалғасын тауып, бір сәтте 100 түп жаңа көшет отырғызылған көрінеді. Ауылдық округ әкімі Олжас Хасановтың айтуынша, осы күзде жаңа көшеттердің санын арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ оны күтімге алу мәселесі де өз шешімін таппақ.

koshet

Мемлекеттік «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы Индербор кентінің өзінде 7800 түп көшет отырғызылып, жазғы су желілері тартылған.

Әттеген-айы жекелеген тұрғындардың малы жайылымнан қажетті өріс таппай, жаңа отырғызылған көшеттерді отап кету фактілері тіркеліп үлгерген. Тиісті заңдылықтарға сай иелеріне шаралар қолданылғанымен нәтиже берер емес.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521