Көше кезген сиырлар көшеттерді қояр емес

Бүгінде кенттің әсем де әдемі жасыл желек көшеттері көрген кісінінің көзін сүйсіндіреді. Жалпы жылма-жыл ауданымызды көркейту және абаттандыру үшін жасыл желек көшеттер егіліп, арнайы күтімге алынғанымен, оны сары сырғалы сиырлар жеп кетіп, біраз әбірге түсіріп жатыр.

Расында, көше кезген иттердің қатарына қосылған сиырлар жас көшеттерді сындырып жеп, қоқыс-қалдық тастайтын жәшіктерді қопарып жүр. Алайда осыған орай арнайы рейдтер ұйымдастырылып, қараусыз жүрген малдарды қамап, тұрғандарға ескерту берілгенімен одан еш нәрсе өзгеріп жатырмаған сыңайлы. Себебі бұл жөнінде Индербор кенті әкімдігінің маманы Майгүл Қизатова:

«Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" атты Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Заңының 505-бабына сәйкес кент ішінде жүрген ірі қара малдар қамалып, сырғасы арқылы иелері анықталды. Оларға бірінші рет ескертулер беріліп, екінші мәрте қайталанған жағдайда 30МРП 83 340 теңге айыппұл салынады. Десек те, ірі қара иелері бұл ақпаратты көрсе де өз иелігіндегі малдарын ессіз жіберіп отыр,-дейді тұрғындарды жасалып жатырған жұмыстарға жанашырлықпен қарауға шақырып.

a

Кент маманының айтуынша жақын арада орталық көше иелерінің сиырларын кезекпен бағуды қолға алу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта 1 бақташы келісім беріпті. Алайда осындай жұмысқа өз еркімен барамын деген азаматтарға кент әкімшілігіне хабарласуына болады.

Қайткен күнде де тұрғындар аудан көркін өз көркіндей қарап, тазалық пен тәртіпке жете мән беріп, сананы өзгертіп, туған жеріміздің тазалығына өз үлестерін қосса екен. Сондықтан қолдарындағы ірілі-ұсақты малдарына иелік етіп, орталықта емін-еркін серуендетпей жанданып келе жатқан жасыл желекке жанашырлық танытса нұр үстіне нұр болар еді. Ал керісінше өзгеге ерегісіп өз қалтаңыздан айыппұл төлей беру де жақсы іс емес екені айтпаса да түсінікті.

«Дендер-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521