Көп балалы аналармен кездесті

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары одан әрі жалғасып, бүгін «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалында үміткерлер "Көктем" қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсел Сарғойшина, Аққала орта мектебінің директоры Нұртас Құспанов және кәсіпкер Ақжібек Сабырғалиева көп балалы аналармен кездесті.

Алдымен аналарды тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің демографиялық ахуалының көтерілуіне қосып келе жатқан үлестері үшін ризашылықтарын білдірді. Одан әрі үміткер Ә.Сарғойшина:

- «Nur Otan» партиясының 2025 жылғы «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы- біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама - аса ауқымды, бірақ нақты жоспарлаған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарламалар жинағы, - деп партия Төрағасы, Елбасы Н. Назарбаев айтқандай, партияның жолы айқын, - деді ол.

Ертеңгі кадрды бүгіннен жасақтау барысында жастарға сенім білдіріліп, оларды арнайы қолдау шаралары жүзеге асып жатқанын, жас отбасымен қатар көп балалы аналарды да баспанамен қамту жайы партияның басты назарында екеніне тоқталды. Аналарды партияға дауыс беруге шақырды.

{jcomments off}img-20201219-wa0018

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Н.Құспанов ауылды өркендету жолында партияның ерекше ықпалы бар екенін, қазір Аққала ауылы адам танымастай өзгергенін тілге тиек ете келе, білім, мәдениет саласында да қолға алынған, партия алға қойған тың бастамалар барын айтты.

Сондай ақ А.Сабырғалиева кәсіпкерлерді сын сәтте әрдайым да қолдап, бірлесіп жұмыс жасауға әзір екендігін, ауданның кәсіпкерлік саласындағы біраз мәселені көтеріп, оны лайықты шешуге ықпал етуге атсалысатындықтарын жеткізді. Ауданда кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жан-жақты қолдау жөніндегі өзінің ұсыныс-пікірін жеткізді. Сөз соңында үміткерлер «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Ж. ІЗІМ

"Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521