Кентте орталық көпір жөнделуде

Индербор кентінде 642 метр болатын көпір күрделі жөндеуден өтуде.

Желмаясымен желдіріп жүріп Жайық өзенінің үстінен өткен Асан қайғы бабамыз салып кеткен «Тас кешудің» маңынан осыдан тура 10 жыл бұрын алып көпір салынған еді. Еліміздегі аудан бойынша ең ұзын көпір болып табылатын нысанның уақыт өте келе жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі байқалып, тұрғындар мәселе көтерген болатын.

Көптің үніне құлақ асқан жергілікті биліктің ұсынысымен облыстық бюджеттен 450 млн теңге қаржы бөлініп өткен қыркүйектің аяғында тиісті жұмыстар басталып кетті. Атыраулық «СалемКонстракшн» ЖШС жөндеу жұмыстарын өткен қыркүйек айында бастаған. Ол үшін қажетті техникалар мен құрылыс материалдары да уақытылы жеткізілген көрінеді.

kopr

-Аталған асфальт төсеу жұмыстары 27 қыркүйек күні басталды. Одан кейінгі күтіп тұрған жұмысымыз екі жақ беттегі жаяу жүргіншілер тротуарын салу жұмыстары кіреді. Қазіргі таңда асфальттау жұмыстары аяқталды. Сырлап, әктеп қайтадан қалыпына келтіру, жөндеу жұмыстары қатер жүре береді деп есептеп отырмыз. Қазан айының алғашқы он күндігінде тиісті жұмыстарды аяқтауға күн райы да үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан да ыждағатты қимыл танытудамыз,-дейді жұмыс барысын баян еткен серіктестік өкілі Алтай Ермұханов.

Жалпы ұзындығы 642 метр болатын көпірдің жөндеу жұмыстарына жарық шамдарын ауыстыру, бүлінген жерелері қалпына келтіру жұмыстары да кіреді. Самар жақ пен бұқар жақты өзара байланыстырып тұрған көпірдегі жөндеу жұмыстары кезінде автокөлік кептелісін туындатпау үшін қажетті шаралар кезең-кезеңімен жалғасуда. Қажетті жұмысшылар да жергілікті жерден алынған көрінеді.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521