Келешек үшін дауыс беруге кел!

Референдум – халық билігінің айқын көрінісі. Конституция баптарының үштен бір бөлігіне түзетулер енгізу көзделгенін ескерсек, менің пікірімше, мемлекет тарихындағы маңызды оқиға барлық қазақстандықтың қатысуымен жүзеге асырылуы – өте орынды шешім және елді одан әрі демократияландырудың озық үлгісі.

Ата Заңға ұсынылған өзгерістер мен толықтырулардың жобасын жан-жақты оқып, реформаның ерекшелігі саяси жүйені жаңғырту арқылы мемлекетімізді жетілдіру әрі нығайту екенін түсініп отырмыз.

Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бұл қадам суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшуді, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлуді, Парламенттің рөлін күшейтуді, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейтуді және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіруді көздеп отыр.

Ауданымызда «AMANAT» партиясының жанынан аудандық штаб қызмет атқарады, құрамында 20 адам бар. Біз тәуелсіз елімізді құқықтық мемлекет ретінде дамыту жолындағы республикалық референдумның рөлін сезіне отырып, бар күш-жігерімізді біріктіру арқылы жерлестеріміз арасында бүкілхалықтық дауыс берудің мән- маңызын насихаттауға жұмыстанамыз.

Осы орайда халықтың түрлі топтарымен белсенді жұмыс жүргізудеміз.

Бұл референдум бүгінгі қоғамның ғана емес, келешек ұрпақтың да тағдырына тікелей әсер етеді. Ендеше елдің ертеңіне бейжай қарамайық!

5 Маусым күні азаматтық ұстанымды танытып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамын!

Өтепберген ОРАЗҒАЛИЕВ,

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521