Қазақстан Үндістандағы беделді туристік сыйлыққа ие болды

сурет BAQ.KZ. сайтынан алынды

Қазақстан Versatile Excellence Travel Awards (VETA) марапаттау рәсімінде үндістандық туристер

үшін ең үздік тренд бағыты болып танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

 

МСМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл Үндістанның туризм саласындағы жыл сайынғы ірі іс-шараларының бірі, онда саланың дамуында айтарлықтай өсім көрсеткен үздік компаниялар мен туристік орындар атап өтіледі.

Travelscapes - үкіметтік мекемелер, бірінші дәрежелі қонақүйлер, Туризм индустриясы, елшіліктер және корпоративтік секторлар арасында танымал үнділік кәсіби b2b  басылымы.

Марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қатысты.

Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізілгеннен бері біз Қазақстанға үнді саяхатшылары санының айтарлықтай өскенін көріп отырмыз және біз танымал туристік бағыт ретінде танылғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл жетістік Қазақстанды қалалық, экологиялық, қызықты оқиғалы, мәдени және MICE туризм бағыты ретінде ілгерілетуде бірлескен күш — жігердің нәтижесі, - деп атап өтті Дастан Рыспеков.

Айта кетейік, өткен жылы елімізге 28 300 Үндістан азаматы келген.

Бүгінгі таңда Eqonaq ақпараттық жүйесінің деректері бойынша Қазақстанның қонақ үйлерінде Үндістаннан 2000-нан астам қонақ тоқтаған.

Үндістан азаматтары Қазақстанның Алматы, Астана және Шымкент сияқты ірі қалаларында демалуды жөн көреді.

Сондай - ақ, Қазақстан биыл Делиде өтіп жатқан Оңтүстік Азиядағы ең ірі саяхат және туризм көрмесі-SATTE-ге қатысады, Үндістан Республикасы Туризм министрлігінің қолдауымен Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің стендінде өтеусіз негізде ұсынылған.

Қазақстандық делегация құрамында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, Kazakh Tourism, төрт отандық туроператор және әуе компанияларының өкілдері бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз