Индерлік қаламгерлер еңбегі жарық көрді

Қазақ журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан қаламгерлер, аудандық "Дендер" газетінің бас редакторы қызметін атқарған қарымды қаламгерлер Төлеубай Ысқақовтың үш томдық жинағы, Ерсайын Көшектің "Жетілген", белсенді тілші-автор Самиғолла Ғалымның "Бодандық пен бостандық" аудан жас ақындарының "Жалын жүрек жырлайды" атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Аудандық орталықтандырылған кітапханада салтанатты шара ұйымдастырылып, онда аудан әкімі Мейірім Қалауи еселі еңбектері арқылы ел құрметтілері атанған аға буынның шығармасын насихаттауда жасалып отырған игілікті істің мақсатына тоқталып жарық көрген кітаптардың өз оқырманына жетуіне тілектестігін білдірді.

kojshygul

Кітаптарды жарық көруіне жауапты облыстық "Ағатай" баспасының директоры, ақын Қойшығұл Жылқышиев өз сөзінде бұл еңбектердің авторлары қоғамда өзіндік орны бар қарымды қалам иелері екенін атап, олардың атқарған еңбектеріне шолу жасады.

Өңірлік баспасөз саласының байырғы қызметкерлері, ардагерлер Маргарита Бозаева, Кеңес Сахи, ғалым-ақын Нәсіпқали Сейітов, аудандық "Дендер" газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин, Қазақстанның Құрметті журналисі Исатай Балмағамбетов кітаптардың алғаш боп тұсауын кесіп, өздерінің ақжарма тілектерін арнады.

zhanaj

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT