Индерде 6,5 мың адам тұрғын үймен қамтылмақ

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Көктем шағын ауданы, 11 учаскеде көлемі 35 га болатын жер телімінен 5 қабатты 80 пәтерлік бір тұрғын үйдің және 4 қабатты 48 пәтерлік төрт тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта үйлердің қабырғалары қаланып, сылақ-бетондау жұмыстары және қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілуде. Айта кетейік, болашақта бұл жерде 5 қабатты 80 пәтерлік он тұрғын үй, 5 қабатты 40 пәтерлік төрт тұрғын үй, 3 қабатты 60 пәтерлік бір тұрғын үй бой көтереді.

Бұдан бөлек, аталған аумақта мектеп, балабақша және денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу да көзделген. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Иманғазиев Бауыржан Есқабылұлының айтуынша, 11 учаскені толық игеріп, барлық 20 көп қабатты үй пайдалануға берілгенде (1292 пәтер) 6,5 мың адам тұрғын үймен қамтылады деп жоспарлануда.

Бүгінде аталған учаскені игеру мақсатында 10 жоба іске асуда. Құрылыс жұмыстары бөлінген қаржыға сәйкес уақтылы жүргізіліп отыр.

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521