Индербор кентінде аялдамалар орнатыла бастады

Индербор кентінде жаңа аялдамалар орнатылатыны туралы жағымды хабарды көктем айында жариялағанбыз. Енді, міне, кент көшелерінің асфальт жолдары жаңарған соң жаңа аялдамалар да орнатыла бастады.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бөлімі басшысы міндетін атқарушы Шапағат Ғаббастың айтуынша, биылға 13 аялдама орнатылатын болады.

-Олар кенттің ДСУ кірме жолына, Қорғантау, Махамбет, Б.Әйтимов, Кенжетаев, Б.Майдыров, Қ.Тұхфатов, Ш.Уәлиханов, Абай, Б.Момышұлы көшелері бойына қойылмақ. Кенттің басқа аймақтарына қондыру болашақта жоспарда бар. Аталған жұмысты атыраулық «S.ALEM construction»» ЖШС жүргізуде, - деді салалық бөлім басшысының міндетін атқарушы Шапағат Ғаббас.

inder-ayaldama

Айта кетейік, биылдан бастап Индерборда кентішілік автобус арада бірқатар жылды салып қайта жолға шыққаны белгілі. Әзір карантинге байланысты автобус уақытша тоқтап тұрғаны болмаса алда жолаушылар тасымалы жалғасатыны сөзсіз.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз